Алматыдағы Ақсай су жинағышының құрылысы қашан аяқталады?

Ақтоты Жапатова 20 нау. 2025 16:07 805

Алматыдағы Ақсай су жинағышының құрылысы біткен соң 150 мың адам сапалы ауызсумен қамтылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ерболат Досаевтың айтуынша, жұмыстардың 80%-ы аяқталған. Құрылыс маусымы басталған соң, нысанға апаратын көпірлер мен жолдардың құрылысы жалғасады.

«Integra Construction компаниясы белгіленген кестеге сәйкес қараша айында іске қосу-жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Осылайша, қаланың батыс бөлігі мен Алматы облысының бірнеше елді мекені сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Барлық қажетті қаражат бөлінді, бастысы – мердігер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауы тиіс», – деді Ерболат Досаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар