Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Медеу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері психотроп заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау және өткізу бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелеген.
Қылмыстық схема ұйымдастырушысы Алматы аумағында жеке тұрғын үйлерде жабдықталған үш жасырын зертхананың жұмысын үйлестірген ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық еткен. Зертханаларда психотроп заттар күн сайын заңсыз айналымға шығару мақсатында дайындалған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жасырын зертханалардың қызметі толық тоқтатылып, 7 адам ұсталған, заңсыз айналымнан психотроп заттар тәркіленген.
Соталды тергеп-тексеру нәтижесінде ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды. Ал қалған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
