Алматыда үлескер тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сәулет және қала құрылысы басқармасының және "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталының деректері бойынша қала аумағындағы 28 тұрғын үй құрылысы нысанына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген.
2025 жылы маусымда "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізілді.
Заң бойынша мына жағдайда көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жарнамалауға тікелей тыйым салынады:
- құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ болса;
- бірегей оператордың кепілдік шарты жасалмаса;
- банк арқылы жобалық қаржыландыру жүзеге аспаса.
Сондай-ақ, бұған дейін жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде жарнама орналастыруға мүмкіндік берген норма алып тасталды.
Бұдан бөлек, заңнамаға "жеке тұрғын үйлер кешені" деген жаңа ұғым енгізілді. Енді мұндай нысандар да "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң талаптарына бағынады.
Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат пен өзге де құжаттары бар-жоғын тексеру үшін азаматтар мына байланыстарға жүгіне алады:
- Құрылысқа қатысты рұқсат құжаттары бойынша – Қала құрылысын бақылау басқармасының анықтамалық Call-орталығы: +7 (705) 896-6000
- Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бойынша – Сәулет және қала құрылысы басқармасы: +7 (727) 2408000
- "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталы – homeportal.kz
