Алматыда тұрғын үйлерді күтіп-ұстау тарифін өсіру - өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2024 09:55 0

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында аталған тақырыпта басқарушы компаниялар, ПИК, МИБ/ЖТ, қоғамдық ұйымдар және аудандық ТКШ бөлімдерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізі тақырыбы ретінде Алматы қаласының ПИК қауымдастығы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мен күтіміне арналған минималды тарифті қайта қарауды ұсынды. Талқылау өте кең ауқымда өтті. Бұл бастама тұрғындардың қолайлы өмір сүру жағдайларын жақсартып, қауіпсіздікті арттыру үшін қажет. Соңғы он жылдан бері тариф деңгейі өзгермегендіктен, қазіргі жағдайда үйлерді тиісті деңгейде күтіп-ұстау қиынға соғуда.

Алматыда тариф мөлшері әр шаршы метр үшін 7-ден 700 теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Бірақ орташа көрсеткіш небәрі 40 теңгені құрайды. ПИК қауымдастығы төрағасы Аркадий Рубцовтың айтуынша, мұндай тариф тұрғын үйлерді сапалы күтіммен қамтамасыз етуге жетпейді. Нәтижесінде техникалық қызмет көрсету, дезинфекция, дератизация және жөндеу жұмыстары жеткілікті деңгейде орындалмайды. Жаңа стандарттар басқарушы компанияларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды талап етеді. Бұл тағы да қаржы мәселесін туындатады. Сондықтан минималды тарифті арттыру тұрғын үйлерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және басқарушы компанияларға тиімді жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қауымдастықтың пікірінше, тарифті көтеру тек тұрғындардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, басқару процесінің тиімділігін арттырады.

Алматы қаласындағы «Тұран» меншік иелері кооперативтері қауымдастығының төрайымы Бибігүл Жүнісбаева көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға арналған тарифтердің жеткіліксіздігі мәселесін бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Оның айтуынша, бұл мәселе әсіресе ескі тұрғын үйлерге қатысты өзекті болып отыр. Б.Жүнісбаеваныңсөзіне қарағанда, ескі тұрғын үйлердің күтімі үшін тарифтер тым төмен. Мысалы, кейбір аудандарда тарифтер шаршы метріне небәрі 25-40 теңгені құрайды. Мұндай тарифтер қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге, үйлерді тиісті деңгейде күтіп-ұстауға, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік бермек. Тарифтердің төмендігіне қоса, құрылыс материалдарының бағасының өсуі де жағдайды күрделендіруде. Кейінгі бір жылдың ішінде қысқы маусымға дайындық үшін қажет құлыптау арматурасының бағасы 30%-ға қымбаттаған.

Б.Жүнісбаева тарифтік саясатты қайта қарау қажет деп есептейді. Ол тарифті арттырудың бір жолы ретінде тұрғындар жиналысында бұл мәселені талқылауды ұсынады. Алайда тарифті көтерудің маңыздылығына сендіру әрдайым оңай бола бермейді. Сондықтан ол тұрғындарға қаражаттың қалай жұмсалатынын нақты түсіндіріп, жеке қажеттіліктерін ескеруді маңызды деп санайды.

Суреттер: Кайрат Конуспаев

Алматыда тұрғын үйлерді күтіп-ұстау тарифтерін арттыру – үйлерді қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда сақтау үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Тарифтерді қайта қарау арқылы ескі тұрғын үйлердің жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік тумақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар