Алматыда тұрғын үй кешеніндегі қосалқы құрылыс сот шешімімен бұзылып жатыр

Ақтоты Жапатова 12 мау. 2025 10:20

Алматыда Кенесары хан көшесі, 54/33 үй мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің үшінші қабатындағы террасада заңсыз салынған құрылыс сот шешімімен бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында пәтер иесі (жеке тұлға) ешқандай рұқсат құжаттарынсыз өз пәтеріне бір қабатты қосымша құрылыс салып, тұрғын үй аумағын айтарлықтай ұлғайтқаны анықталған.

Иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда, нұсқама талаптары орындалмағандықтан, 2024 жылғы 26 тамызда басқарма Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берген. Сот процестерінің нәтижесінде 2025 жылғы 5 қаңтарда сот басқарманың талаптарын қанағаттандырған.

Бүгіннен бастап Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар