Алматы полициясы көлік құралдарының техникалық байқаудан өтуін бақылауды күшейтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Тексеру барысында техникалық байқаудың формалды және жалған жүргізілген жағдайлары анықталды. Бұл жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіреді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі автокөліктің техникалық жарамдылығына тікелей байланысты. Әрбір көлік құралы қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.
- Жол қозғалысының қауіпсіздігі ең алдымен техникалық тұрғыдан жарамды көліктен басталады. Техникалық байқауды формалды түрде өткізуге жол берілмейді. Біз заң аясында әрекет ете отырып, қала көшелеріне шыққан әрбір автокөліктің қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуын қамтамасыз етеміз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Полиция заң талаптарының орындалуын қатаң бақылайды және құқық бұзушылықтың алдын алуды жалғастырады.
2025 жыл құқық бұзушылықтың алдын алу жылы болып жарияланған, сондықтан жолдағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр.