Алматыда тауда адасқан 4 адам құтқарылды

Ақтоты Жапатова 27 там. 2025 12:22

Алматы қаласында Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері тауда адасып қалған төрт адамды құтқарды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Алматы қалалық ТЖД-нің 112 пультіне «Башута» шыңынан түскен кезде 4 турист адасып кеткені туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар таулы жермен шамамен 5 шақырым жүріп өтіп, теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктікте туристерді тауып алды.

Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оларды Шымбұлаққа дейін жеткізіп, аман-есен түсірді.

ТЖМ тауға шықпас бұрын маршрутты алдын ала зерттеуді, жақындарына хабар беруді, ауа райы болжамын тексеруді және байланыс құралдарын өзімен бірге алуды ескертеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар