Алматыда тағы да жер сілкінді

Кәмшат Тілеухан 19 қаз. 2024 09:57 5254

2024 жылы 19 қазанға қараған түні Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жер сілкінісін "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша түнгі сағат 1:32-де тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан территориясында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 669 шақырымда орналасқан", деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі
 
Айта кетсек, 2024 жылдың 17 қазанда Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Ол кезде жер сілкінісінің ошағы Қазақстанның оңтүстік астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырымда Қытай территориясында орналасқан еді. 18 қазанда ТЖМ дабыл белгісін қосып, сесмикалық жаттығу өткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар