Алматыда жер сілкінісі болды

Көркем Алдабергенова 17 қаз. 2024 09:28 2798

Алматыда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

ТЖМ мәліметінше, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.

"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Жер сілкінісі кезінде істеу қажет 10 қарапайым қадам бар:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жер табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңіз болса өшіріңіз;
  • Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар