Freedom Inside '26

Алматыда шетелдік алаяқ call-орталығы әшкереленді

Алматыда шетелдік алаяқ call-орталығы әшкереленді

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері Алматыда шетелдік алаяқ call-орталығының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Шетел азаматтары Қазақстан азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтық жасаудың заңсыз схемасын ұйымдастырғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Тергеу дерегінше, күдіктілер SIP-нөмірлерді сатып алып, олар арқылы мыңдаған алдамшы қоңырау шалып, азаматтардың ақшасын иемденуді көздеген. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында call-орталықтың жұмысын қамтамасыз еткен серверлер анықталып, өшірілді. Заңсыз қызмет толықтай тоқтатылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.