Алматыда Қорғаныс министрлігінің бейджигін таққан ер адам тұрғындарды заңсыз тексерген

Қаракөз Амантай 23 қаң. 2026 12:30

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған видеода өзін ведомство қызметкері ретінде таныстырған ер адамның Қарулы күштерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оқиға 21 қаңтар күні Алматы қаласында тіркелген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, тексеруге Threads әлеуметтік желісіндегі қолданушының жазбасы негіз болған. Автордың айтуынша, "Москва" сауда орталығының маңында өзіне және досына "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген жазуы бар бейджик таққан белгісіз ер адам жақындаған. Ол амандаспай, өзін таныстырмай-ақ, бірден тіркеу орны туралы сұрақ қойған.

Жазба авторы бейтаныс адамнан: "Сіз кімсіз?" деп сұрағанымен, ол нақты жауап бермей, олардың іздеуде болуы мүмкін екенін немесе АӘО мен Украинаға қатысы барын айтқан. Сонымен қатар өзін әскери комиссариат қызметкерімін деп таныстырған.

Жастар болған жағдайды телефонға түсіре бастағанда, ер адам олардың құрылғысын тартып алуға әрекеттенген. Осыдан кейін олар жақын маңдағы кафеге кіріп, полиция шақырған.

"Қорғаныс министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша материалдар заңда көзделген шараларды қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданады", – делінген ресми хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove