Алматыда қыстағы алғашқы қар жауды: бір түнде 58 жол апаты тіркелді

Сағыныш Сардарова 10 жел. 2025 13:16

Алматыда жауған қарға байланысты полиция азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда өткен түні қыстағы алғашқы қар жауды. Алматы қалалық Полиция департаменті дерегінше, кешкі сағат 20:00-ден бүгін таңғы сағат 06:00-ге дейін 58 жол апаты тіркелген.

"9 адам жарақат алды, қайтыс болғандар жоқ", - деді полиция.

Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. 

Алматы Полиция департаменті қала тұрғындарын жолда сақ болуға, қысқы жағдайды ескеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қалың қар жауғаны хабарланды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар