Алматыда қазақстандық шабандоздар екі бірдей әлемдік рекорд орнатты

Ақтоты Жапатова 21 нау. 2026 20:40

Алматы қаласындағы ипподромда өткен Наурыз мейрамы аясында қазақстандық шабандоздар бірден екі әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Іс-шараның шарықтау шегінде садақшы Динара Сайдалина түйе үстінде 10 секунд ішінде 4 нысананы дәл көздеп, ерекше шеберлік көрсетті. Бұл нәтиже Гиннестің рекордтар кітабы тарапынан ресми түрде тіркелді.

Сондай-ақ, шабандоз Ернар Жасұзақ ат үстінде қолдың көмегінсіз, тізгінді тісімен ұстап, шамамен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен 500 метр қашықтықты еңсеріп, тағы бір әлемдік рекордқа қол жеткізді.

Мамандардың айтуынша, мұндай трюктер жоғары деңгейдегі дене дайындығын, дәлдік пен тепе-теңдікті талап етеді және аса қауіпті болып саналады.

Ұлттық спорт пен дәстүрлі өнерді ұштастырған бұл көрсетілімдер көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырып, Наурыз мейрамының ең жарқын сәттерінің біріне айналды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove