Белгілі өнерпаз, экс-депутат Бекболат Тілеуханның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл видеодан Бекболат Тілеуханның дастархан басында сүбелі ой айтып тұрғанын көруге болады. Аталмыш кездесуде ол туыстық қарым-қатынас, ауызбіршілік туралы сөйледі.
"Туыстық қарым-қатынасты жөндейтін – әйелдер. Үйде қабағын түйіп алып, сызданып отырса, күйеуінің де күйі болмайды", – деп ой айтты Бекболат Тілеухан.