Алматыда полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Dalanews 11 қыр. 2020 06:35 861

Алматыда 30 жастағы қызды суицидтен құтқарып қалды. Ол көпірге шығып, секірмек болды. Куәгерлер мен полиция қызметкерлері одан ойынан бас тартуды өтінді, деп хабарлайды Dalanews.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Ол жылады, айқайлады, өмір сүргісі келмейтінін айтты. Біз әңгімелесе бастадық, сөйлестік. "Бәрі жақсы болады, тыныштал, бәрі ойдағыдай болады" дедік. Серіктесіммен бірге оның ойын басқа жаққа аудара бастадық. Ыңғайлы сәтте мен оның қолынан ұстап, серіктесіммен бірге қоршаудан шығардым", - деді Алматы қаласының патрульдік полиция инспекторы Елдос Айдосов.

Көпірдегі адамның оғаш әрекетін бірінші жақын маңдағы бизнес-орталықтың күзетшісі байқаған. Ол дереу полиция мен құтқарушыларға қоңырау шалып, содан кейін көмекке жүгірді. Ер адам үмітін үзген алматылық әйелге кедергі келтіре бастаған.

Осы сәтте көпір жанынан өтіп бара жатқан патрульдік полицейлер көп адамды байқап, көпірге тоқтады. Олар уақытында үлгерген. Полицейлер қызды тыныштандырып, полиция бөліміне жеткізді. Онда психологтар әйелмен сөйлесіп, содан кейін оны ата-анасына тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар