Алматыда Түрксіб ауданында әлеуметтік нысандарды, атап айтқанда, білім беру мекемелерін – балабақшаларды, мектептерді, колледждерді абаттандыру жалғасуда,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Ағымдағы жылдың ақпан айында №195 мектеп жанындағы 450 орындық қосымша құрылыс аяқталды, енді №50 жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейту жүргізілуде, мұндағы жұмыстар 2025 жылғы желтоқсанда аяқталады.
№59 гимназия филиалын реконструкциялау жалғасуда, ол ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. 6100 орындық төрт жаңа мектеп салу бойынша құрылыс-монтажу жұмыстарын аяқтау да олсы кезеңге жоспарланған. Аталған оқу орындарының құрылысы қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жүргізілуде.
Айта кетейік, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында өткен жылы №59 мектеп-гимназиясын 300 орындық сейсмикалық күшейтумен және кеңейтумен және №83 гимназия филиалын реконструкциялау аяқталды.
2024 жылдың маусым айында Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Жобада оқу шеберханаларын заманауи жабдықтармен жарақтандыру және студенттерге арналған 120 орындық жатақхана салу көзделген. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың қаңтарына жоспарланған.
Аудан әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерге қатысты орын тапшылығын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Өткен жылы сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталғаннан кейін №70 мамандандырылған бөбекжай ашылды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Қайрат» ш/а 260 орындық №192 жаңа балабақша ашу жоспарлануда.