Алматыда опырылған жол үшін техникалық қадағалау аккредитациядан айырылды

Сағыныш Сардарова 23 қаз. 2025 10:15

Алматыда опырылған жол үшін техникалық қадағалау аккредитациядан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Яссауи және Дастан көшелері қиылысында опырылған тасжолдан соң Қала құрылысын бақылау басқармасы Достық шағынауданында инженерлік желілердің құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеріс жүргізген.

"Техникалық қадағалау қызметін жүзеге асырған "Алатау сапа құрылыс" ЖШС-ға тиісті бақылау жүргізбегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеріс қорытындысы бойынша аккредиттелу туралы куәлігінен айырылды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Оған қоса жоба шешімдерінен ауытқып, құрылыс саласындағы мемлекеттік талаптарды сақтамағаны үшін мердігер ұйым "СПЕЦКОММУНСТРОЙ" ЖШС-ға әкімшілік шаралар қабылданған.

Еске салайық, жуырда Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы "AsiaMax" ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясын тоқтатты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар