Алматыда көлік өзенге құлап кеткен

Көркем Алдабергенова 27 нау. 2026 09:19

Алматылық құтқарушылар өзенге құлап кеткен автокөлікті алып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Алматы қаласы ТЖД 112 пультіне куәгерлерден Кіші Алматы өзенінің арнасында «Алмарасан» шатқалында көлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ «Барыс» РЖҚ құтқарушылары, Құтқару қызметі, Алматы қ. ТЖД қызметкерлері және «Қазселденқорғау» мамандары жедел түрде оқиға орнына келді.

ТЖМ Қазселденқорғау автокранының көмегімен, сондай-ақ құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында автокөлік судан шығарылып, иесіне берілді. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауды және су деңгейі көтерілген кезеңде өзен арналары мен тау шатқалдарына автокөлікпен бармауды ескертеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove