Алматыда көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті: жәбірленуші әскери адам екені айтылды

Сағыныш Сардарова 18 ақп. 2026 10:31

Алматыда Hyundai Elantra жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілердегі кейбір дереккөз мәліметінше, Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі жеңіл дәрежедегі мас күйде Рысқұлов даңғылында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Зардап шеккен ер адам Алматы қалалық жедел көмек ауруханасына жеткізілген.

"Жәбірленуші - Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерінің әскери институты майоры. Оқиға кезінде ол демалыста болған", - деп жазылған egovpress мәліметінде.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove