Алматыда жол ережесін бұзған көліктер жаппай айыптұраққа қойылды

Қаракөз Амантай 03 сәу. 2026 10:57

Алматыда жол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған "Stop бұзушылық" жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы жарияланды. Қалалық полиция екі күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 5 мыңға жуық дерегін анықтаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тіркелген құқықбұзушылықтардың қатарында жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, қарсы жолаққа шығу және жалған нөмір қолдану фактілері бар.

Сонымен қатар рейд барысында 2 мыңнан астам автокөлік арнайы айыптұрақтарға жеткізілген. Олардың ішінде шетелдік тіркеудегі көліктер де бар.

Полиция өкілдерінің айтуынша, аталған шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өрескел заңбұзушылықтардың жолын кесу.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove