Алматыда жасыл желектерді көбейтіп, қорғаудың ережесі әзірленді

Dalanews 12 қаң. 2023 10:10 256

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың төрағалығымен Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері, Алматы қаласы мәслихаты мен Қоғамдық Кеңесінің депутаттары, сондай-ақ белгілі ғалымдар, көгалдандырушылар мен эко-белсенділердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басқосуда Алматы қаласы аумағында өсетін жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережелерінің жобасы талқыланды.

Ережелер жобасында алғаш рет суару, оның ішінде суару жүйесін ұйымдастыру, жасыл желектерді зиянкестер мен аурулардан биологиялық өңдеу, неғұрлым сапалы отырғызу материалдарын таңдау, объектілерден ағаштарға дейінгі ең аз арақашықтықты сақтау, ағаштарды санитарлық және қалыптап кесу жүргізу, аумақтарды салу немесе реконструкциялау туралы шешімдер қабылдау кезінде міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізу жөніндегі негізгі нормалар мен талаптар енгізіледі.

Жаңа Ережелерге сәйкес, өтемдік екпелер кезінде биіктігі кемінде 2,5 метр кесекпен немесе биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаштарды үш жыл бойы одан әрі күтіммен кесекпен отырғызу қарастырылған.


Бұдан басқа, Ережелермен жасыл желектер бар аумақта жұмыс жүргізетін құрылыс компанияларына қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Құрылыс ұйымдары жұмыстарды жүргізу кезінде жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз ететін талаптарды орындауға міндетті: ағаштар мен бұталардың өздерінен тыс қалуын ескере отырып, құрылыс алаңдарын қоршап, сақталған ағаштарды бағаналар ретінде пайдалануға, осы ағаштарға қандай да бір зақым келтіруге, тамырлардың ашылуына және магистральдық шеңберлерді жермен, құрылыс материалдарымен және қоқыспен толтыруға жол берілмейді.

Таяуда Ережелер жобасы Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қаралатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x