Алматыда қаланың Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Jas Camp» жастар лагері жұмысын бастады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Биыл лагерьге 100 қатысушы іріктеліп алынды. Олардың қатарында студенттер, комьюнити орталықтарының резиденттері, еріктілер, жастардың экологиялық қозғалыстарының өкілдері және NEET санатындағы жастар бар.
Бес күн ішінде олар көшбасшылық дағдыларын дамытады және әлеуметтік жобалар жасауды үйренеді.
Лагерь бағдарламасы өте тартымды, мұнда тренингтерге, шеберлік сыныптарына, фасилитациялық сессияларға, воркшоптарға және түрлі мәдени іс-шараларға қатысуға болады. Тәлімгерлер мен сарапшылар арасында танымал жаттықтырушылар Асхат Әбжанов, Камилла Әкімбекова, Жанель Сариева, Дана Шаяхмет және басқалары бар.
«Jas Camp-бұл жай ғана білім беру алаңы емес, жастарды өздерінің шешімдері мен әрекеттері үшін жауапкершілікке үйрететін кеңістік. Жобаға қатысушылар күн сайын командалық түрлі жаттығуларға қатысады,қоғамдағы жеке рөлдің мәнін түсінеді, қаладағы құндылықтардың маңызы және болашақ туралы пікір таластырады. Мұнда экологиялық мәдениет пен жастардың дамуына ерекше көңіл бөлінуде», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Кәжденбек.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, әр қатысушының рухани өсуі, көшбасшылық қасиеттерді игеруі олардың алдғы болашағына тың серпін береді. Жастар жауапкершілікті өз мойнына алуға, болашақ туралы ойлануға, экологиялық таза әрі қауіпсіз қоғам құруға ұмтылады.