Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы мерзімінен бұрын ашылмақшы

Dalanews 26 қаз. 2023 11:00 1255

Депо тәулік бойы 4 ауысыммен жұмыс істейді. Үш қабатты ғимараттың ауданы 3,7 мың шаршы метрден асады. Ал өрт сөндіру бөлімі заманауи техникамен жабдықталған. Іске қосылғаннан кейін құтқарушылардың өрт орнына келу уақыты қысқарады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық ауданындағы өрт сөндіру депосы «Қазақфильм», «Көкшоқы», «Алатау», «Нұр-Алатау» «Ерменсай» сынды бес шағын ауданға есептелген.

Құрылыс қараша айында аяқталады. Қазір ішкі әрлеу, сонымен бірге іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарды жүргізіліп жатыр.


Биыл мамыр айында жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаев нысанды желтоқсан айында пайдалануға беруді тапсырған болатын.

Қалада барлығы 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар, тағы 3 жаңа депоны жобалау жұмыстары қолға алынған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар