Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді. 31 желтоқсанда сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бір шаңырақ астына жинайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сахнада отандық эстраданың жұлдыздары, танымал топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Мақпал Исабекова, Әлішер Кәрімов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Дәулет Жанболат, Жұбаныш Женсенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Muzart Life, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі және басқа да өнерпаздар бар.
Мерекенің шарықтау шегі дәстүр бойынша салтанатты жаңа жылдық отшашу болмақ. Әкімдік мәліметінше, жаңа жылдық отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылмақ.
