Алматыда электросамокаттарға қатысты жаңа талап енгізілді

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2026 16:39

Алматыда көшеде ретсіз қалған электросамокаттар енді арнайы қызмет тарапынан алынып тасталмақ. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Ғалым Сарғұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, басты мақсат – бизнеске қысым жасау емес, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Қай жерде болса да дұрыс қойылмаған самокаттарды алып кетеміз", - деді ол.

Бұл мәселені шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Оның құрамына кикшеринг компаниялары, жеткізу қызметтері, әкімдік, прокуратура, депутаттар және кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Жұмыс тобы қазіргі жағдайды зерттеп, самокаттар, мопедтер мен курьерлерге қатысты қауіпсіздікті күшейту бойынша ұсыныстар әзірлейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove