Алматыда дарынды жастардың басын қосқан халықаралық байқау өтті

Ақтоты Жапатова 11 сәу. 2025 19:10 714

2025 жылдың 9–11 сәуірі аралығында Satbayev University қабырғасында Kazakhstan Smart Space халықаралық байқауының финалдық кезеңі өтті. Аталған байқау Қазақстан мен жақын шетелдерден келген дарынды жастардың басын қосты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Байқау Satbayev University-дің электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен, TRIZATHLON Project (2024–2026) индустриалды-инновациялық бағдарламасы мен МК2С – Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастық жобасы аясында өткізілді.

Үш күнге созылған байқау барысында қатысушылар «Макет», «Жұмыс істейтін үлгі» және «Ғылыми-зерттеу жобасы» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Байқау үш жас санаты бойынша өткізілді: 12 жасқа дейін, 16 жасқа дейін және 16 жастан жоғары. Финал аралас форматта – офлайн және онлайн – өтті.

«Kazakhstan Smart Space тек байқау ғана емес, инженерия, ғылым және ғарышты игеруге қызығушылық танытқан жастарды анықтап, қолдауға арналған нағыз платформаға айналды. Біз мектеп оқушылары мен студенттердің күрделі техникалық және зерттеу тапсырмаларына қаншалықты терең бойлай алатынын көріп отырмыз — бұл Қазақстан ғылымының болашағына сенім ұялатады. Satbayev University және біздің кафедра осындай бастамаларды әрі қарай қолдауды жалғастырады, себебі дәл осында келешектегі инженерлер мен жаңашылдардың ұрпағы қалыптасады», — деп атап өтті Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ерлан Таштай.

Байқау жеңімпаздары:
12 жасқа дейінгі жас санаты

Макет:
1 орын — SteamX eco kit, Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп

Жұмыс істейтін үлгі:
1 орын — «Ғарыш құпиялары», А.Көшкімбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, Дөненбай ауылы
2 орын — «Күн жүйесі», №103 мектеп-гимназия

---

16 жасқа дейінгі жас санаты

Макет:
1 орын — «Жер орбитасын ғарыш қоқыстарынан тазарту», НОУ "Sehriyo"
2 орын — Astro-1AW, №168 мектеп-гимназия

Жұмыс істейтін үлгі:
1 орын — «Ғарышта лазерлік сәулемен энергия жеткізу», Жезкент кентінің мектеп-лицейі
2 орын — «Атмосферадан су жинауға арналған МОФ», №79 гимназия
3 орын — «Ғарышкерлердің психологиялық жағдайын қолдау», НОУ "Sehriyo"
3 орын — «Зымыран макеті», Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ
3 орын — «Ғарыштық аппараттар», "ALEM" инновациялық шығармашылық орталығы

Ғылыми-зерттеу жобасы:
1 орын — «Жұлдыздардың температуралық өзгерістерін зерттеу», Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған лицей
2 орын — «Пульсарлардың айналу эволюциясы», А.М. Горький атындағы гимназия, Қостанай қаласы

---

16 жастан жоғары жас санаты

Макет:
1 орын — LikiSanctum, Талдықорған қаласындағы НЗМ (ФМН)
1 орын — AstroDog, School Millat Umidi және НОУ «Sehriyo»
2 орын — «Үміт бүрлері», НОУ «Sehriyo»
2 орын — Úmit, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласы
3 орын және НЦКИТ арнайы жүлдесі — «Барлығы үшін зымыран жасау» (оқу орны көрсетілмеген)

Жұмыс істейтін үлгі:
1 орын — «Марс базасы», Төлеби аудандық оқушылар үйі
2 орын — «Голиаф» жоғары өтімді луноходы, Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы

Ғылыми-зерттеу жобасы:
1 орын — «Rausat 2.0 зерттеу нано-спутнигін әзірлеу», Қызылорда қаласындағы НЗМ (ХБН)
2 орын — LasDAT, Қызылорда қаласындағы НЗМ (ХБН)
3 орын — S.E.R.K., МАБ колледжі

Байқау ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, жетекшілерге, оқу орындарына және серіктестерге байқауға жоғары деңгейде дайындалғаны, креативті көзқарасы және жастар ғылымын, инженериясын, сондай-ақ ғарыштық технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.

Kazakhstan Smart Space – бұл болашақ зерттеушілер мен инженерлерге арналған бастау алаңы. Ол жаңа буынның батыл жаңалықтар мен ғылыми жетістіктерге ұмтылуына шабыт береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар