Алматыда бос жатқан жерлер абаттандырылып, маңызды қоғамдық кеңістікке айналады

Dalanews 24 қар. 2023 16:38 1085

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесіп, Абай даңғылының оңтүстігінде және Гагарин даңғылының батысында орналасқан 1 гектар аумақты абаттандыру жоспарымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бос жер инфрақұрылым нысанына айналып, Алматының оңтүстік бөлігіндегі қоғамдық кеңістіктерге маңызды орын болады. Құрылыс жұмыстары биыл 10 қарашада басталды.

Аумақты абаттандыруда қоғамдық тыңдау мен жобаны талқылау барысында айтылған дүниелер ескерілген. Мұнда ойын алаңы, футбол және баскетбол алаңы, скейтпарк, сонымен қатар итпен серуендеуге арналған орын болады. Сонымен қатар орындық, қоқыс жәшіктері мен перголалар қойылмақшы. Ағаштар отырғызып, суару жүйесімен қамтылады. Аумақты абаттандыру жұмыстары әлеуметтік жауапкершілік аясында жүргізіледі.

Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қала басшысына ағаштардың санитарлық мақсатта бұтақтары кесілгенін, ағаш отырғызып, футбол алаңы жөнделгені туралы есеп берді. Қазіргі уақытта жұмыстың 15% аяқталған. Жобаны 2024 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ерболат Досаев аймақтарды бөлуді ескеріп, бос уақыт пен демалыс алаңдарын қайта құруды, қарттар мен балалар үшін оларды абаттандыру, шатырлар жасауды тапсырылды.

Жаңа қоғамдық аумақтың жобасы ауданның инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, жылдың кез келген уақытында отбасылық демалыс пен спорттық іс-шара өткізудің жаңа орталығына айналады.


Сонымен қатар Алматы әкіміне Абай даңғылынан Жандосов көшесіне дейін Гагарин гүлзарын қайта құру және абаттандыру бойынша 2024 жылға жоспарланған жоба таныстырылды.

Бостандық ауданын абаттандыру аясында биыл 80 аула аумағында күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 қоғамдық кеңістікке, 10 спорт және балалар алаңына жөндеу жұмысын жүргізуді көздейтін 800 млн теңгеге 17 жоба іріктелген болатын.

12 жерасты және 7 жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға «Атакент», «Южный» парктерін, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын, бірқатар субұрқақ қамтитын Тұңғыш Президент саябағын күрделі жөндеу жоспарланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар