Алматыда бірнеше базар жабылуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 30 қыр. 2025 10:49

Сауда және интеграция министрлігі Алматыдағы бірқатар базар талапқа сай болмаған жағдайда жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы төрт жыл ішінде елімізде 156 базар жаңғыртудан өткен. Ал стандарттарға сәйкес келмейтін сауда орындарының иелеріне 2026 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бұған дейін 2025 жылы Алматыдағы 38 базардың 10-ы жаңғыртудан өтті. Қалған жұмыстарды осы жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отырғаны белгілі болған. Жаңғыртудан өтіп жатқан базарлардың қатарында: «Арлан», «Батыр», «Тұлпар», «Арыстан», «Жібек Жолы», «Азия», «Тау Самалы», «Береке», «Сауда Кент» және «Сарыарқа» бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар