Алматыда арнайы ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Арнайы прокурорлар Алматы қаласының арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу нәтижесінде 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталған.
"Құқыққа қарсы әрекеттер нәтижесінде көлікті бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
