ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 қыркүйек күні сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Жерасты дүмпулерінің координаттары: 40.782 ºС.е., 78.865 ºш.б., тереңдігі – 5 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3, MPV магнитудасы – 5.7. Алматы қаласында оның қарқындылығы 2 баллды құрады (MSK-64 шкаласы бойынша).
ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеріп шықты. Нәтижесінде зақымдану анықталған жоқ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Жағдай тұрақты.