Сот материалдарындағы мәлімет бойынша мемлекеттік сот орындаушысы Қайрат Боранбаев пен оның жұбайы Шолпанның ортақ мүлкіндегі үлесті айқындау туралы ұсыныс жасаудан бас тартқан. Кәсіпкер сотқа шағым түсіріп, мұндай әрекеттерді заңсыз деп тануды және құқығы бұзылмауын талап етті.
Істі алдын ала тыңдау алдында тараптарға келіспеушіліктерді медиация тәртібінде шешу ұсынылды, алайда олардың арасында келісім жасалмаған.
12 қаңтарда сот ашық сот отырысында Боранбаевтың талабы бойынша әкімшілік істі қарады және оны қанағаттандырмады.
Боранбаевтарға ортақ мүліктегі үлесті анықтау не үшін қажет болғаны туралы ақпарат ашық қолжетімді материалдарда жоқ. Сонымен қатар, кәсіпкердің жұбайы Шолпан Боранбаевамен қатар іс бойынша мүдделі адамдар тізімінде Алматының мемлекеттік активтер басқармасы бар екені қызығушылық тудырады.
Айта кетейік, биылғы наурызда Боранбаев 8 жылға сотталған еді. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп танылды, ал қыркүйекте бұл мерзім алты жылға дейін қысқарды.
Сот қазанда кәсіпкердің жазасын бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырды.
Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада түрмеден босатылды.
Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаннан кейін мәлімдеме де жасап, көпшілікке алғысын білдірді.
"Әріптестер, достар және серіктестер! Кеше үйге оралдым және отбасым мен достарымды көріп қуанып қалдым. Осы ай бойы мені қолдаған әрқайсыңызға шексіз алғысымды білдіргім келеді