Алматы қаласының ЖІӨ-де шағын және орта бизнестің үлесі 60%-ға жетті

Жарбол Кентұлы 06 қар. 2024 10:23 699

Алматы қаласы Экономика басқармасының мәліметінше ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда ШОБ өнімін шығару 28,4%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Қаңтар-қыркүйекте жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 6,2%-ға 361,1 мың бірлікке дейін өсті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың болжамы бойынша, Алматы қаласындағы ШОБ-ты қолдау 2025 жылға арналған бюджеті 20%-ға 2,1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

– ШОБ-ты қолдау үшін 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен субсидиялауға, кепілдік беруге және кредиттеуге 53,1 млрд теңге бөлінді. 2024 жылдың 9 айында 113,1 млрд теңге несие сомасына 1,7 мың жаңа ШОБ жобасына қолдау көрсетілді, өткен жылдары мақұлданған 2 мыңнан астам жобаның сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау алуды жалғастыруда, – деп хабарлады экономика басқармасы.

Бұл Алматының ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 2024 жылы 60%-ға дейін, 2025 жылы 62%-ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында ШОБ үлесі 55,2%-ды құрады.

Алматы қаласы Экономика басқармасының хабарлауынша, индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар алаңдарында жалпы сомасы 452 млрд теңгеге 87 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2024 жылы 4,5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 220 млрд теңге сомасына 40 жоба іске асатын болады.

Қазіргі таңда Алматы қаласында шағын және орта бизнес экономика мен қоғамның дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Шағын және орта бизнес қала экономикасының шамамен 60%-ын құрап, халықты жұмыспен қамтудың негізгі көз болуда. Бұл ретте Алматыда ШОБ субъектілерінің саны 260 мыңнан асып, олардың қала экономикасындағы үлесі тұрақты түрде өсуде. Алматы қаласы Экономика басқармасы ШОБ-тың жалпы өнімділік көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 5%-ға артып, 2,8 трлн теңгеге жеткенін жария етті.

Алматыда ШОБ саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 700 мыңнан асып жығылады. Бұл қала тұрғындарының 60%-дан астамын жұмыспен қамтуда екенін көрсетеді. Соңғы уақыттары шағын және орта бизнес саласында әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі айтарлықтай өскенін байқауға болады. Бұл өз кезегінде гендерлік теңдікті нығайтуға ықпал ететіні сөзсзі. .

Алматы әкімдігі «Almaty Business – 2024» бағдарламасы арқылы шағын және орта бизнеске қаржылай және әкімшілік қолдау көрсетуді жалғастыруда. Кәсіпкерлерге 1%-дан 5%-ға дейінгі жеңілдетілген несиелер беріліп, қала аудандарындағы шағын кәсіпкерлерге арналған арендалық төлемдерді субсидиялауда.

Алматы қаласында шағын және орта бизнесті дамыту елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде және қоғамның әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқарды. Мемлекеттік қолдау, цифрландыру, жасыл экономикаға көшу және кәсіпкерлік мәдениеттің дамуы арқылы Алматы ШОБ-ты дамытуда Қазақстанның үлгілі қаласы ретінде өз позициясын нығайта түсуде. Алдағы жылдары бұл саланың одан әрі дамуы қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Алматының әлемдік деңгейдегі бизнес орталыққа айналуына ықпал ететін болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар