Алматы қаласы Конституциясы күнін қалай атап өтеді?

Dalanews 25 там. 2023 03:12 959

Алматы қаласында Конституция күні қарсаңында бірқатар мерекелік іш-шаралар ұйымдастырылмақшы. Ең маңызды мерекелік концерт 29 тамыз күні сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңызды мәдени шараға қазақ эстрадасының жұлдыздары «Музарт», «Жігіттер», Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Еңлік, Илхан Исханов, Жанар Дұғалова, Хей Монро сынды өнер жұлдыздары қатысып, ән салатын болады.

Ұйымдастырушылар қала қонақтары мен тұрғындары назарына тақырыптық бейнероликтердің сүйемелдеуімен 13 музыкалық қойылым ұсынуды көздеп отыр. Сондай-ақ, 30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қаланың барлық аудандарында мерекелік шаралар өтеді.

Айталық, Әуезов ауданында салтанатты шара 29 тамыз күні сағат 11:00, Family Park демалыс саябағында өтсе, Наурызбай ауданында Конституция күніне орай эстрада жұлдыздарының қатысуымен Шұғыла ауданында «Инновациялық шығармашылық орталығында» 29 тамыз күні сағат 11:00-де концерт ұйымдастырылады. Бостандық ауданында сағат 17:00-де MEGA Alma-Ata сауда орталығының амфитеатрында Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Түрксіб ауданында сағат 18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 мекенжайы бойынша орналасқан Оқушылар үйінің аумағында қазақ жұлдыздары мен өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді. Аудандық мерекеде туды салтанатты түрде көтеру, әнұран орындау, 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктерін табыстау, ұтыс ойындары мен байқаулар, ашық аспан астындағы фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылады.

Жетісу мен Медеу, Алмалы аудандарында да Конституция күніне орай гала-концерт өтеді

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар