Жамбыл аудынында Айнұр, Гүлнұр, Балнұр есімді үшемнің ата-анасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. «Биыл наурыз айында ауданымыздың тұрғыны үшемді өмірге әкеліп, соны құттықтап барған кезде тұрғын үй мәселесін шешуді уәде еткен болатынбыз. Соны біздің кәсіпкерлеріміз қолдап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында пәтер кілтін тапсырып отырмыз», - дейді Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.
Бұған дейін әр жерде пәтер жалдап күнелткен Әбілешовтар отбасына демеушілер теледидар мен кір жуатын машина сыйлады. Бес қыздың анасы Жанипа Әбілешова жаны жомарт жандарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта еліміздің демографиялық өсуіне өз үлесін қоса беретінін жеткізді.
Самал Қабышева