Алматы облысында Ұлттық парктің 3 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтоты Жапатова 28 мам. 2025 13:25

Алматы облысының прокуратурасы Ұлттық парктің 3 гектар жерін жосықсыз жалға алушыдан қайтарып алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Тергеу мәліметтері бойынша, 2010 жылы Ұлттық парк ЖШС-ке Қаскелең орманшылығы аумағында орналасқан туристік және рекреациялық мақсаттар үшін 49 жыл мерзімге ауданы 3 га учаскені жалға берді.

Алайда жалға алушы шартта көзделген міндеттемелерді орындамады.

"Ұлттық парк жалдау шартын бұзу туралы сотқа талап қоюмен жүгінді, бірақ бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тартты. Прокуратураның уақтылы араласуының арқасында сот шешімі апелляциялық сатымен жойылды", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ұлттық парктің жерлері мемлекеттік пайдалануға қайтарылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар