Алматы облысында ТЖ құтқарушылары туристерге көмектесті

Жарбол Кентұлы 16 шіл. 2024 17:49 1720

Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында 1980 жылы туған әйел күйеуімен бірге туристік маршрутпен жүріп келе жатып, аяғын сындырып алып, 3000 метр биіктіктен өздігінен түсе алмады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына жедел жетіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні таудан түсіріп, оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар