Алматы облысында тәркіленген Lamborghini сатылды

Көркем Алдабергенова 20 ақп. 2026 13:09

Алматы облысында тәркіленген Lamborghini сатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

sauda.e-qazyna.kz деректеріне сәйкес, электронды сауда барысында Lamborghini Huracan маркалы автокөлік сатылды. 2016 жылы шығарылған, жасыл түсті бұл көліктің 2025 жылғы қарашадағы нарықтық құны бағалаушылар есебінде 114 млн теңге деп көрсетілген.

Алайда аукцион қорытындысы бойынша суперкар 66,5 млн теңгеге өтті. Көліктің қозғалтқыш көлемі - 5,2 литр, беріліс қорабы - автомат, жанармай түрі - бензин. Құжаттамада автокөліктің техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмірлері жоқ екені де көрсетілген.

Аталған Lamborghini қылмыстық іс аясында тәркіленген. Сауда-саттық кезінде көлік Алматы облысының аумағында болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove