Алматы облысында құлаған тікұшақ: экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды

Сағыныш Сардарова 12 там. 2025 11:32

12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"12 тамызда экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш. Ол күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты - 295 сағат.

Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі.

"Акваторияны және оған іргелес аумақты зерттеу бойынша іздестіру шаралары жалғаса бермек. Осыған сәйкес тікұшақ бөліктерін анықтау және жағаға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада. 

25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар