Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектепте 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде қаза тапқан, деп жазады Dalanews.kz.
Бұл қайғылы жағдайды Алматы облыстық білім басқармасы да растады. Ондағы дерекке қарағанда, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болған.
«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан, мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.
Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.