Алматы облысында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді

Dalanews 04 мау. 2020 06:17 1060

Шекрасы белгіленіп, Ата заңы бекітілген тәуелсіз елдің басты құндылығының бірі ол – мемлекеттік рәміздер. Биыл асыл қазынамыздың атаулы күнін ресми түрде 13-ші рет атап өтудеміз.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы күннен бастап төрт құбыламыз түгенделді десек артық айтқандық емес.

Көк байрақ, Елтаңба, Әнұран бұл жүрек тамырынан арындап ағып жатқан біздің қанымыз, өмірімізге мән мен сән беретін киелі құндылығымыз.

Атаулы мереке қарсаңында Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен «JETISÝ MEDIA» КММ-сі «Көк тудың желбірегені» атты акцияны қолға алды.


Мемлекеттік құндылықтарымызды ұлықтайтын игі шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына мемлекеттік нышандарға байланысты интелектуалдық сауалдар қойылды.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген адамдарға байрағымыз сыйға тартылды. Жалпы алғанда арнаулы сауалдарға халықтың басып көпшілігі нақты жауап беріп, 900 байрақ таратылды.

Талдықорған қаласындағы «Болашақ» шағын ауданындағы еңселі 16 қабатты, үш бірдей тұрғын үйге 45 көк туымыз орнатылды.

Айта кетерлігі «Журналистер үйі» ғимаратының қос қапталына 3:6 көлеміндегі ҚР мемлекеттік туы ілінді.

Шараның мақсаты – тәуелсіз мемлекет екенімізді растайтын, елдіктің негізгі тірегіне айналған рәміздерімізге деген құрметті арттыру. Олардың маңызы туралы насихаттау.

Расында, мемлекеттік рәміздер бұл ұлттың қазынасы.  Халықтың рухани күш-қуатының қайнар бастауы болған мемлекеттік нышандарды сақтау бізге парыз.


Бұл сөзімізге Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы да қосылады. Оның пікірінше, Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды.

Анар Сабырова, Алматы облысы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар