Алматы облысында мемлекет меншігіне қайтарылған сегіз су қоймасы сенімгерлік басқаруға берілмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін бұл су нысандарының жалпы құны 20 млрд теңгеден асады деп бағаланған. Алайда тексеріс кезінде сенімгерлік басқарушылар келісімшарт талаптарын орындамағаны анықталды: нысандардың техникалық жағдайын тиісті деңгейде ұстамаған әрі жүйелер мен құрылыстарды тұрақты түрде тексермеген.
Қайтадан сенімгерлікке берілетін нысандар қатарында:
Есік көлі бөгеті,
Саз-Талғар 7 су қоймасы,
Байсерке 2 бөгеті,
Ворошилов су қоймасы бөгеті,
К3 су қоймасы,
Тереңқара (жоғарғы) су қоймасы,
Саз-Талғар 4,
К30/1 су қоймасы бар.
Қазір бұл нысандар «Алматы облводхоз» мемлекеттік кәсіпорнының балансында тұр. Алдағы уақытта су қоймаларын сенімгерлік басқаруға беру үшін конкурс жарияланбақ.
Жаңа басқарушыларға қойылатын талаптар мыналар:
бес жылда бір рет кешенді зерттеу жүргізу,
баланс ұстаушының ақау актілеріне сәйкес күрделі жөндеу жасау,
кемінде 25 жаңа жұмыс орнын ашу.
Мақсат – көктемгі суару науқанының үздіксіз өтуін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмысына кедергі келтірмеу.