Алматы облысында коронавируске қарсы күрес шаралары күшейтілуде

Dalanews 26 нау. 2020 14:10 756

Алматы облысы да COVID-19 дертінен сақтану үшін барлық шаралар күшейтілуде деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алғаш рет Сарыарқа жақтан табылған эпидемия құт дарыған мекенді айналып өтсе екен деген ой орындалмады. Өкініштісі сол Алматы облысынан да індеттің ілмегіне ілінген жан табылды. Бірі жазымыш десе, енді бірі шет ел кезгеннің кесірі деп жатты. Хош, айып тағатын уақыт жоқ. Мемлекеттің басты байлығы –халық. Сондықтан биліктегілер бұқараның амандығын алдыңғы орынға шығарып, қолда бар күшті жұмылдыруда.

Баршаңызға белгілі Жетісу өңірі әр қашан алғашқыладың бірі болып бастаманы қолдаушылардың қатарында. Бұл жолы да аймақ дәстүрден жаңылмады. Сын сағатта сынатын халық біз емес деп, білек сыбана кірісіп кетті.


Осы ретте облыс орталығынан бөлек, шалғай жатқан аудандар өзіне қарасты елді мекенде жергілікті ветеренарлық станциясы  адам аяғы арылмайтын орталық алаң, балабақша, ойын алаңдары және аялдамаларды залалсыздандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, дүкен, мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындары және сән салондарына вирустан қорғану жолдары жазылған арнайы нұсқаулықтар таратты. Елдің бірлігі мен елдігі сыналған шақта «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды» деген осы емес па?

Тұтас мемлекетке төнген қатерден республикалық маштабта шегараны жауып кеселден сақтанудың жолын жасаса, біздің өңірде  Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының айналасына тәулік бойы жұмыс істейтін 4 санитарлық бекет орналастырылды.   Ондағы полиция мен СЭС мамандары қалаға кірген адамдарды тексереді! Осылайша, қатерлі аурудың апанынан тұрғындарды аман алып қалмақшы.

«Аты жаман» дертпен күресудегі күш медицина қызметкерлеріне түскені жасырын емес. Облыстағы білікті мамандар пандемия кезінде пенде атаулының ахуалына нұқсан келмеуі үшін бір қатар уақытша өзгерістер енгізіп, елдің дер кезінде ем алуына қолайлы жағдай жасап отыр.

Мәселен, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен Алматы қаласында жүктілік бойынша тіркеуде тұрған әйелдер дәл қазіргі тұрғылықты жері бойынша Алматы облысының кез келген медициналық мекемесіне кедергісіз тіркеліп, ауруханаға жатқызылады ол бірінші енгізілген жаңа ереже.

Аталған басқарманың басшысы Бауыржан Ысқақтың тікелей тапсырмасымен орталық аудандық ауруханаларда коронавирусқа қатысты жарияланған жалған ақпаратты анықтайтын мобильді топ құрылды.

- «Алматы қаласымен шекаралас аудандардың гемодиализ диагнозы бойынша емделушілерін аудандық ауруханадан Алматы көпсалалы клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізеді. Балаларға екпе салуға шектеу қойылған жоқ.

Бірақ, медициналық мекемеге келетін ата-аналар коронавирусқа қатысты барлық сақтық шараларын сақтауға міндетті.


Мұны балғындардың кемел келешегі үшін қабылданған шешім деп түсіну керек», - дейді Алматы облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы.

Одан басқа, аймақтық көпсалалы клиника да жаңа ережелер енгізілді. Ондағы өзгерістерге сәйкес, орын алған жағдайға байланысты емдеу мекемесіне өзге  адамдар мен көліктің кіруіне тыйым салынған. Және де ем алушының жақындары тағам мен қажетті заттарды күніне бір рет сағат 16:00-17: 00 аралығында клиниканың қызметкерлері арқылы жеткізеді.

Ескертетін жайт емханаға мамандардың қабылдауына жазылған пациенттерге ғана кіруге рұқсат етіледі. Міне осы  тектес жұмыстар облыс аумағында қарқынды жүргізіліп жатыр.


«Дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі» екенін басшылыққа ала отырып, өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын сіз бірінші ойлауға тиіссіз. Әп, сәтте сансыз елді сабылдырған эпидемияның құрсауынан аман қалуға жазсын. Солай дейік, солай боларына сенейік.

Анар САБЫРОВА


Алматы облысы




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар