Алматы облысында жеті ауыл әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Қаракөз Амантай 07 там. 2025 09:55

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында жер заңнамасын бұзу деректеріне байланысты жеті ауыл әкімінің жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, кейінгі үш жылда пайдаланылмай жатқан 2 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Биыл тағы 4 мың гектарға жуық жер учаскесі осындай санатқа ілініп, олар бойынша сотқа талап-арыздар жолданған. Қазіргі таңда екі талап-арыз қанағаттандырылған.

Сонымен қатар жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуын өзгерту кезінде оның кадастрлық құнын төлемеу фактілері тіркелген. Жалпы шығын көлемі 306 миллион теңгені құраса, соның 165 миллионы мемлекет бюджетін пайдасына өндірілген.

Жер заңнамасын бұзуға жол берген жеті ауыл округінің әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың екеуі "мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар" жасағаны үшін жауап берді.

Бұдан бөлек, прокуратура жер телімдерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту, оларды жеке меншікке беру және қосымша жерлерді үлестіру сынды заң бұзушылықтар бойынша да наразылық білдіріп, ол талаптар толықтай қанағаттандырылғанын хабарлады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар