Алматы облысында індетке шалыққандар саны азайып келеді

Dalanews 23 шіл. 2020 09:48 764

Алматы облысында бес мыңнан астам адам ақ халаттылардың бақылауында тұр. Олардың өмірін сақтап қалу үшін  3455 медицина қызметкерлері қызмет көрсетуде. Аяқтарынан тік тұрып еңбек етушілердің қатарында орта және кіші санаттағы 2604 медицина саласының мамандары да бар.




Тәулік  бойы тынымсыз  науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан абзал жандар қауіп-қатерге бастарын тігіп жүргені ақиқат. Жандарын шүперекке түйіп жүрседе олар берген анттарына адал. Себебі, дәрігерлер қауымының мойнында асқан жауапкершілік пен халықтың сенімі жатыр.

Қандай да қиындықтарға қарамастан олар өздерінің міндеттерін мінсіз атқаруда. Дәрігерлер қауымының қалтқысыз қызметінің арқасында өңірдегі жағдай тұрақталып келеді. Алматы облысы  әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлының  айтуынша, індеттің таралу қарқыны бәсеңдеген.

 - Соңғы аптада облыс бойынша пневмониямен ауырғандар санының төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, жедел жәрдем станциясына қоңырау шалу саны 20% - ға азайды. Бұған дейін  391 мобильді топ құрылған еді. Олар науқастардың үйіне барып тұрды. Сонымен қатар 5 CALL- орталық қызмет жасап, жағдайдың жақсаруына ықпал етті»,- деді Батыржан Байжұманов.   


Кеселмен күресуге зейнеттегі дәрігерлерде қол ұшын созуда. Олар науқастарға керек кеңестерді айтып көмектесуде. Бұл реттегі жұмыстар онлайн түрде  жалғасын табуда.  Одан бөлек, Ресей мемлекетінен бес дәрігер келіп, облыс көлемінде кеңес беріп, диагностикалық жұмыстармен айналысуда.

Медицина қызметкерлерінің жүгін жеңілдету үшін облыс басшылығы  да барын салуда.   Қазіргі таңда ауруханаларда 261 өкпені жасанды желдету аппараты орналастырылған. Олардың 60-сы  балаларға, 201-і ересектерге  арналған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 625 млн. теңгеге 50 өкпені жасанды  желдету аппараты сатып алынған. Тағы да дәл сондай 127 құрылғы алынады деп күтілуде.

Ал, демеушілердің қолдауының арқасында 11 аппарат алынған. Оның ішінде 5-і Түркиядан жіберілген гуманитарлық көмек арқылы келген. Алдағы уақытта  19  өкпені жасанды желдету құрылғысы алынады. Сонымен барлық аппараттардың саны 407-ге жетпек.

Аймақтағы инфекциялық және провизорлық стационарда 250,9 мың денеқызуын түсіретін дәрі сондай-ақ,  40,5 мың вирусқа қарсы препараттар мен 475,0 антибиотиктер бар.


2020 жылдың 14 шілдесінде Облыс әкімі Амандық Баталов короновирус инфекциясымен күреске қосымша  2,9 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды. 150 бірлік ИВЛ аппаратын сатып алуға 1,25 млрд. теңге, медициналық ұйымдар үшін 550 млн. теңгеге дәрілік заттарды, 15 бірлік жылжымалы рентген - аппараттарын сатып алуға 375 млн. теңге, 100 бірлік оттегі концентраторларына 83,4 млн. теңге. қарастырылды.

Бұл көрсеткіштер Алматы облысындағы медицина саласының әл- ауқатының артқанын, вируспен күрестің қарқынды жүріп жатқанының дәлелі.

Сын сағатта елмен етене еңбек етіп жүрген  медицина қызметкерлеріне бар жағдай жасалған. Қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Тіпті үстем ақы мен сыйақыларын  уақытылы алып отыр.

  Анар САБЫРОВА

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар