Жойқын дауылдың салдырынан 10 – көппәтерлі тұрғын үй, 21 – білім беру нысаны, 2 - сауда объектісі, 5 – өндірістік нысан, 10 – әкімшілік ғимарат, 11 - ТЖБ, 1 – діни объект, 2 – денсаулық сақтау мекемесі, 1 – МҰ объектісі, 1 – ауыл шаруашылығы объектісі, 2 – қызмет көрсету нысанына залал келді.
Сондай-ақ, жалпы ауданы 15408,5 ш.м. 66 шатырдың жабыны ұшып кеткен. Қолайсыз ауа-райының салдарынан 3 автокөлік зардап шексе, Еңбекшіқазақ ауданында 1 адам жарақат алған.
Кенеттен орын алған табиғи құбылыстың кесірінен 83 елді мекендегі электр энергиясы ажыратылған. Бүгінде 76 елді мекенде электр энергиясы қалпына келтірілді. Қалған 7 елді мекенде (1651 абонент электр энергиясынсыз қалады) авариялық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Олар:
–Талдықорған қ. (2 учаске) – Үйтас, Пригородное (470 абонент)
– Алакөл ауданы (1 учаске) – Бескөл ауылы (291 абонент)
– Текелі қ. (1 учаске) – ш / а. Маталлург (60 абонент)
– Кербұлақ ауданы (3 учаске) – Шанханай ауылы, Қызылмектеп ауылы, Шаған ауылы (830 абонент). Күн ішінде Электрмен жабдықтау қалпына келтіріледі.
– Ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел) 29.03.2022 жылы Алматы облысы ТЖД-да табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін жедел штаб құрылды. Штаб облыстық Азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз өзара іс-қимыл орнатты. Қатты желдің салдарын жою бойынша барлық хабарламалар ТЖД және ЖАО күшімен дереу пысықталды, – деді Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, Азаматтық қорғау майоры Ринат Карандашев.
Айта кетейік, облыс орталығындағы залал келтірілген нысандары шаһар басшысы Әсет Масабаев аралап, қалпына келтіру жұмыстарын ерекше бақылауына алды.