Полимерлі тізбекті реакция талдауы «Covid-19» инфекциясын жылдам анықтаудың бірден-бір жолы.
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының аталған зертхананы Еңбекшіқазақ ауданына орналастыруының өзіндік себебі бар. Өйткені Есік қаласындағы емхана өңірдегі ең ірі медициналық мекемелердің бірі.
Қазіргі таңда Еңбекшіқазақтағы аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлері індет жұқтырған науқастарды қабылдап, ем-шара жұмыстарын жүргізуде.
Ал зертхананың ашылуы аймақтағы аурухана қызметінің сапасын жақсартуға ықпал етеді. ПТР зертханасында жұмыс істейтін мамандар әлден біліктіліктерін арттырып, жаңа қызметке кірісуге дайын. Кеселге қатысты талдау алынатын мекемеге тек дәрігердің жолдамасымен, сондай-ақ инфекция белгілері болған жағдайда диагностикалаудан өткізіледі.
Бүгінде дәрігерлер жаңа медициналық орынның ашылуын күтпей-ақ, аймақтағы ақ халаттылар жұқпалы аурумен күресуде.
Аудандық ауруханада карантин стационары 13 наурыздан бастап қызмет етіп келеді. Онда осы кезге дейін 140 адам ем алған болатын. Індет жұқтырған жүз адамауруынан құлан-таза айығып шыққан.
Одан басқа, правизорлық стационарда 86 науқастың 80-і дерттен айыққан. Қазір 36 жан ем-дом қабылдауда.
Осы ретте Алматы облыстық «Birgemiz Jetisy» қоғамдық қоры заманауи талдау жүргізу орталығының ашылуына қаржылай көмек қолын созғанын айта кетуіміз керек.
Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.