Алматы облысында бірқатар әлеуметтік нысанға қаржы бөлінді

Dalanews.kz 07 қаң. 2026 16:00

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау қысқы демалыста Алматы облысына жалғасқан іс-сапарында тұрғын халыққа жақсы жаңалықпен барғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Жарты жылға созылған табанды еңбектің, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің және Алматы облысы әкімдігінің қолдауының нәтижесінде өңір үшін маңызды бірқатар жобаларға қаржы бөлінді.

Атап айтқанда:
— Талғар ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылындағы №16 мектепке жапсаржай салынады;
— Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді;
— Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

"Сонымен қатар, сапар барысында Талғардағы агробизнес және менеджмент колледжінде салынып жатқан 115 орындық жатақхананың құрылыс барысымен таныстым. Бұл – жастардың сапалы білім алып, қолайлы жағдайда тұруына бағытталған маңызды қадам.

Кездесу барысында белсенді тұрғындар көтерген барлық мәселе жеке бақылауыма алынды. Әр сұрақ назардан тыс қалмайды, жүйелі түрде зерделеніп, нақты шешімдер ізделетін болады", - деді ол.

Өңірлерді дамыту – қағаздағы жоспармен емес, нақты іске асқан жобалармен өлшенуі тиіс.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар