БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматы облысында бірнеше адам жетім қызды зорлап, видеоға түсіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жантүршігерлік жағдайға бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді.
"Жеті кәмелетке толмаған бала анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері дүйсенбіден бастап оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Динара Зәкиева.
Айта кетейік, оқиға Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.