Қайрат Жұманов Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қайрат Ізбасарұлы 1989 жылы туған, білімі жоғары. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін психология мамандығы, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін экономика мамандығы, 2018 жылы Тұран университетін құқықтану мамандығы және 2021 жылы әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2025 жылғы сәуірден бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет етті.
