Алматы облысы инвестиция тарту бойынша көш бастады

Нұрлан Жұмахан 08 ақп. 2024 16:54 4082

Соңғы уақыттары Алматы облысында инвестиция тарту саясатын белсенді жүруде. Өткен жылы ғана облысқа 705 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Яғни, 2022 жылмен салыстырғанда 11%-ға жуық артқан. Бұл өз кезегінде үлкен көрсеткіш екенін атап өткен жөн, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвестициялық жобалар арнайы экономикалық аймақтарды құру, тіркеу және лицензиялау рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ инвесторларға салықтық жеңілдіктер енгізу қызметтері қапысыз көрсетілуде.

Алматы облысында инвестицияға жайлы салалардың көптігі мен инвестициялық ахуалдың жоғары деңгейі өңірді шетелдік компаниялар үшін тартымды ете түскен.

Бүгінде өңірдің инвестициялық саясаты – өнімді терең өңдеуге бағытталған. Нәтижелі жұмыстардың арқасында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көрсеткіші 2023 жылы 130 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрап, бір жылдың ішінде 199%-ға өскен. Әрине, мақтауға тұрарлық жоғары көрсеткіш.

Республика көлемінде Алматы обылсы негізгі капиталға инвестициялар құрылымындағы сыртқы инвестициялар үлесі бойынша 4-орынды иеленіп отыр. Бүкіл ел бойынша 27%-ға жуық үлес – Алматы облысына тиесілі.

2023 жылдың тек тоғыз айлық қорытындысы бойынша Алматы облысына 585,9 млн доллар тікелей инвестиция тартылған.

Қазіргі таңда облыс аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 6 мыңға жуық жұмыс орнын құрылып, құны 703 млрд теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылуда.

Осындай жобалардың бірнешеуін – жобалау мен құрылыстың белсенді кезеңіне темекі өнімдерін өндіретін корейлік “KT&G” зауыты, картоп чипстерін өндіретін “PepsiCo” американдық компаниясы, қойма құрылысы бойынша ресейлік “Ozon” сияқты трансұлттық компанияларды атап өтуге болады. Сонымен қатар, ресейлік “ТехноНиколь” оқшаулағыш материалдар зауыты, қытайлық “Jiangxi Copper” вольфрамды терең өңдеу комбинаты іске қосылатын болады.

Алматы облысы өзінің қаржы секторын белсенді дамытуда. Аймақ Орталық Азиядағы қаржылық технологиялар хабқа айналып, көптеген компаниялар қазірдің өзінде стартаптарын құруға және цифрлық платформаларды дамытуға ынта танытып отыр.

Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және негізгі капиталға инвестициялар тарту мақсатында “Алатау” АЭА аумағы 30 мың гектардан 97 мың гектарға жуық кеңейтілді, бұл әрине, облыстың үлкен мүмкіндіктерін пайдаланып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуына тиімді бағыт береді.

Алматы облысы индустриалды аймақ екені дәлелденді деп айтса артық емес, бүгінде жалпы ауданы 1400 гектарға жуық 4 индустриалды аймақ құрылған, оның ішінде 2 аймақ – Береке мен Қайрат ИА жұмыс істейді.

Алматы облысына инвестиция салу – бизнесті дамытуға тамаша мүмкіндік. Өңір инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды ұсынып, инновациялық жобаларды белсенді түрде қолдап келеді. Бұдан басқа кең ауқымды жеңілдіктер мен преференцияларды ұсынуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар